«Менің сүйікті журналым»
“Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО)“КММ 15.04.2026 жылы 2 "В" сыныбында «Менің сүйікті журналым» атты танымдық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды журнал түрлерімен таныстыру, соның ішінде балаларға арналған "Мөлдір бұлақ" , “Балдырған” журналы жайлы ақпарат берілді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысында оқушыларға журналдар туралы жалпы түсінік берілді. Журналдың ерекшеліктері, мазмұны және оның пайдасы түсіндірілді. Оқушылар өздерінің сүйікті журналдары туралы айтып, пікір алмасты.
Сабақта сұрақ-жауап, топтық жұмыс және шығармашылық тапсырмалар қолданылды.
Оқушылар журнал беттерімен танысып, ондағы ақпараттарды талдады.
Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, өз ойларын еркін жеткізді. Журналдың білім көзі екенін түсінді. Оқуға деген қызығушылықтары артты.
,
Комментариев нет
Просмотров: 7