Меню KDT

"Жауапкершілік – ер азаматтың басты қасиеті»

"Жауапкершілік – ер азаматтың басты қасиеті»
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 8-11 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді.Негізгі сөз болған мәселе қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктер:буллинг, бопсалау, лудомания, қаңғыбастықпен айналысу мәселелеріне арналды.
Қазақ халқы ер азаматқа әрдайым үлкен үміт артқан. «Ер жігіт – елдің тірегі» деп, ұл баланы кішкентайынан еңбекқорлыққа, батылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеген. Себебі болашақта отбасының қамқоршысы, елдің қорғаны болатын – бүгінгі жас ұрпақ.
Жауапкершілік тек үлкен істерден ғана көрінбейді. Ол күнделікті өмірде – сабаққа дайындалу, ата-ананың айтқанын орындау, достарына адал болу, өз ісіне ұқыпты қарау арқылы қалыптасады. Әрбір жас өз ісіне жауап бере алса, ол болашақта мықты, сенімді азамат болып өседі.



Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 22.04.2026 в 14:11