Меню KDT

"Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар"

Мектебімізде "Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар" жобасы аясында
"Академиялық адалдық және парасаттылық сағаты" тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрістің мақсаты – білім алушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту.
Дәріске мектебіміздің 9 "А" сыныбының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында академиялық адалдық ұғымы кеңінен түсіндіріліп, білім алу процесіндегі шынайылық пен еңбектің маңызы атап өтілді. Оқушылар өз ойларын білдіріп, тақырып аясында пікір алмасты.
Адал ұрпақ – әділетті қоғамның негізі!


,


Комментариев нет
Просмотров: 14
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 30.04.2026 в 11:15