⚜️ Жасанды интеллект - дәстүрлі білім мен болашақ дағдыларды байланыстыратын көпір, ол оқушыларға тереңірек, жылдамырақ және саналы түрде үйренуге көмектеседі.
Педагогтер күнделікті педагогикалық қызметке енгізуге болатын практикалық әдістемелер мен цифрлық шешімдерді ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді: оқу процессін әзірлеу және өткізу үшін интеллектуалды көмекшілер мен ЖИ құралдарын белсенді қолдану; сараланған оқыту мен жеке білім беру траекторияларын құруда ЖИ-платформаларын пайдалану; жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқыту барысында ЖИ элементтерін тиімді біріктіру.
Комментариев нет
Просмотров: 7