Ағымдағы жылғы 25 қазан күні Ақжар ауданының Талшық ауылында орналасқан «Балдырған» балабақшасында білім беру саласының мамандары бас қосқан мазмұнды семинар өтті.
Ағымдағы жылғы 25 қазан күні Ақжар ауданының Талшық ауылында орналасқан «Балдырған» балабақшасында білім беру саласының мамандары бас қосқан мазмұнды семинар өтті. «Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы» тақырыбындағы шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық болмысты, рухани байлықты және ұлттық тәрбиенің терең мәнін тиімді жеткізудің жолдарын талқылау. Семинар барысында шебер педагогтер тәжірибе көрсетіп, ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің заманауи тәсілдерімен таныстырып, ұлттық мәдениетті дәріптеудің, өскелең ұрпақтың тұлғалық дамуына ықпал етудің және тәрбиенің өзегін ұлттық рухпен байытудың маңызын атап өтті.
• ұлттық тәрбиенің практикалық негіздерін талқылау;
• тиімді педагогикалық әдістерді ЖИ ұсыну;
• ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиенің жаңа бағыттарын айқындау.
Комментариев нет
Просмотров: 8