⚜️ «Адал азамат» бағдарламасы – жастарды жоғары адамгершілік қағидаттар, заңға құрмет және белсенді азаматтық позиция негізінде тәрбиелеуге бағытталған маңызды құрал.
2025 жылғы 25 қараша күні КММ «Ленинград орта мектебі №1» базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруға арналған семинар өтті.
Семинар тақырыбы: «Адал азамат: кәсіби бағдар, дебат мәдениеті және колледждегі тәрбие жұмысын дамыту».
Семинардың мақсаты – «Адал азамат» бағдарламасын білім беру ортасына енгізу жолдарын талқылау және адал, жауапты, патриот тұлға қалыптастыруға бағытталған болашақ даму перспективаларын айқындау.
Семинар барысында мектептердегі дебаттық қозғалысты дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Дебат – тек өз пікіріңді дәлелдей білу емес, ол — диалог мәдениетін, өзгенің пікіріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Комментариев нет
Просмотров: 7