🔔 «XXI ғасырдағы білім сапасын арттырудың заманауи тетіктері» атты республикалық конференция өз деңгейінде өтті!

«XXI ғасырдағы білім сапасын арттырудың заманауи тетіктері» атты республикалық конференция өз деңгейінде өтті!

Ағымдағы жылдың 25 қараша күні «Заманауи басқару мектебі: директор орынбасарының жаңа көкжиегі» атты инновациялық жоба аясында ұйымдастырылған бұл шараға Астана, Абай, Жетісу, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының педагогтері белсенді қатысты.

Конференцияға 300-ден астам білім беру ұйымдарының директорлары, директор орынбасарлары, әдіскерлер мен педагог-шеберлер қатысты.

Мақсаты- білім беру сапасын арттыруда заманауи басқару тетіктерін енгізу, жаңашыл тәжірибе тарату, кәсіби даму мен әдістемелік қолдауды күшейту.

Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, басқарудың тиімді жолдары, бағалау мен оқытудың өзекті мәселелерін талқылады. Тың идеялар мен озық тәжірибелер ұсынылды.

Педагогтердің мұндай инновациялық жобаларға қатысуы – олардың кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 26.11.2025 в 20:26