🔰2025 жылғы 18 қараша күні “Әдістемелік жұмыстың ерекшеліктері және түрлендіруі” атты онлайн форматында облыстық семинар өткізілді.
Ақжар ауданының білім бөлімінің әдіскері А.Л. Хасенова “Сиқырлы мультфильм әлемі” әдістемелік құрал арқылы мектепалды жастағы баланы адал, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу” атты жұмысын ұсынды. Құрастырылған әдістемелік құрал жасанды интеллект құралдарын қолдана отыра жасалған. Мектепалды жастағы балаларға арналған құрал заманауи талаптарына сай жасалып, балаларға және педагогтарға қолжетімді, қызықты және қауіпсіз материал болып табылады.
Әдістемелік орталық әдіскері А.Ш. Даниярова “Жобалаудан - тиімді нәтижеге” жұмысын ұсынды. Ұсынылған жұмыс білім бөлімінің әдіскерлеріне өз әдістемелік қызметін түрлі формаларда ерекшелендіріп тиімді жүргізуге болатынын көрсетті. Көрсетілген 4 аудандық жоба және 2 халықаралық жұмыс өз Ережелері және жоспарларымен ашылып түсіндірілді. Әр жоба мектепке дейінгі ұйымның қызметін түрлі вариацияда ұйымдастырып, тиімді нәтижеген жеткізетін шаралар өткізілуде. Жоба аясында іске асырылып жатқан шаралар үнемі әдіскерлердің бақылауында, тиімділігін анықтайтын мониторинг жүргізіледі, белгілі мерзімде салыстырмалы қорытынды шығарылып, тиімділігін анықталады. Семинар барысында әдіскерлермен біріккен тәжірибелік өткізілді. Ұсынылған Ереже бойынша семинардың өткізілуіне бағалау парағы құрастырылды, әр қатысушы өз пікірін білдірді. Кері байланыс барысында әріптестерден бірнеше сұрақ бойынша вебинар өткізуіне ұсыныс түсті, келесі аптаға жоспарлауда.
Комментариев нет
Просмотров: 4