Меню KDT

2025 жылдың 6 мамыр күні мектебімізде «Сапта жүріп ән айту» атты патриоттық бағыттағы мектепішілік байқау өткізілді.

2025 жылдың 6 мамыр күні мектебімізде «Сапта жүріп ән айту» атты патриоттық бағыттағы мектепішілік байқау өткізілді. Шараның мақсаты — оқушыларды әскери тәртіпке, ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Әр сынып саппен жүріп, біркелкі қадам жасап, патриоттық әндерді орындады. Қазылар алқасы саптың түзілуі, қадамның біркелкілігі, әнді нақышына келтіріп орындау сынды критерийлер бойынша бағалады.
Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жеңімпаз сыныптар марапатталып, алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.


https://youtube.com/shorts/JiFW63xdhkw


Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 06.05.2025 в 17:42