
«Ер есімі – ел есінде», «Ұлы Жеңіс – ел бақыты»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың мамыр айының 2 күні, Шу ауданы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 5 сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шу аудандық тарихи-өлкетану мұражайына «Ер есімі – ел есінде», «Ұлы Жеңіс – ел бақыты» тақырыптарында саяхат жасалынды.
Мақсаты:
- Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін еске алып, жастардың бойында отансүйгіштік, тарихи сана қалыптастыру; Шу өңірінен шыққан батырлар мен соғыс ардагерлері туралы деректермен таныстыру; Мұражай қорындағы құнды жәдігерлер арқылы Ұлы Жеңістің маңызын ұғындыру.
Шу Мұражай қызметкері экскурсияны «Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы бөлімнен бастады.
Келесі кезекте: экспозициялармен таныстырып өтті.
- Ұлы Отан соғысына қатысқан Шу өңірі ардагерлерінің фотосуреттері мен өмірбаяндары;
- Майданнан келген хаттар, марапаттар, әскери киім үлгілері;
- Батырларға арналған стендтер мен көрнекі бұйымдар.
Қосымша бөлім – «Ұлы Жеңіс – ел бақыты»:
- Жеңістен кейінгі жылдардағы ауданның даму тарихы;
- Соғыстан оралған жауынгерлердің еңбектегі жетістіктері;
- Жеңіс күніне арналған тарихи фотошежірелер мен құжаттарды көрсетті.
Оқушылармен сұхбат:
Мұражай қызметкері оқушыларға сұрақтар қойып, олардың алған әсерлерін, есте қалған сәттерін талқылады.
Саяхат соңында оқушылар «Батырларымызды ұмытпайық!», «Ерлік – елге мұра» деген үндеулер айтып, естелік суретке түсті.
Шу аудандық мұражайына жасалған бұл танымдық саяхат – ұрпақтың өткен тарихқа деген құрметін арттырып, патриоттық рухын көтерудің жарқын үлгісі. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, ал тарихты білу – болашаққа сенімді қадам екенін ұғындыра түсті.
Комментариев нет
Просмотров: 15