Меню KDT

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні»

Шу ауданы, Төле би ауылы, Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) мамыр айының 5 күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 5 «А» сынып жетекшісі Г.Қонысбаева 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты:
- Оқушыларға Отан қорғаушылар күні туралы мағлұмат беру;
- Оқушыларды патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихымен таныстыру болып табылады.
Сынып сағаты барысы:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып,
бұл мереке еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірін қамтамасыз етіп жүрген ер азаматтарға арналғандығын, еліміз үшін осы күннің маңыздылығы туралы оқушыларымыз кеңінен біле түсті.
Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихына тоқталып, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштері құрылғандығы , содан бері бұл күн Отан қорғаушылар күні ретінде аталып өтетіндігі түсіндірілді.




Комментариев нет
Просмотров: 23
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.kdt.kz
Добавлено: 06.05.2025 в 08:33