Меню KDT

«Желбіре, Жеңіс жалауы»

Ағымдағы жылдың 8 мамыр күні Шу ауданы, Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО) Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 6"В" сынып оқушыларының қатысуымен «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: 1941-1945 жылдардағы соғыс туралы түсіндіріп, бейбітшілікті сақтап нығайтуға, мінезділікке, ұлтшылдыққа тәрбиелеу. Шара барысында сынып жетекшісі Б.Балтабаева Ұлы Жеңістің 80 жылдығы - бұл өткенге тағзым етіп, болашақ үшін бейбітшілікті сақтау қажеттігін түсінетін тарихи күн екенін айтып өтті. Оқушылар ерлік туралы өлеңдер оқып және соғыс туралы тарихи шолу жасады.



Комментариев нет
Просмотров: 106
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.kdt.kz
Добавлено: 11.05.2025 в 07:15