Меню KDT

2025 жылдың 21-24 сәуір аралығында "Қазақмыс" корпорациясының ұйымдастыруымен "Шу жасыл ойындары" футбол турнирінің 7-8 сынып ұлдар командасы арасында аудандық кезеңі өтті.

2025 жылдың 21-24 сәуір аралығында "Қазақмыс" корпорациясының ұйымдастыруымен "Шу жасыл ойындары" футбол турнирінің 7-8 сынып ұлдар командасы арасында аудандық кезеңі өтті.


2025 жылдың 21-24 сәуір аралығында "Қазақмыс" корпорациясының ұйымдастыруымен "Шу жасыл ойындары" футбол турнирінің 7-8 сынып ұлдар командасы арасында аудандық кезеңі өтті. Бұл турнирге ауданның 30 командасы қатысып, финалға 18 команда іріктелген екен. Мектебіміздің ұлдар командасы финалға шығып жақсы ойын көрсете білді. Нәтижесінде 18 команданың ішінде II орынды иеленді. Футболшыларымыз ерекше дағдылары, спортқа деген адалдығы үшін марапатталып, бағалы сыйлықтар алды. Ұлдарды осы спорт түріне баулыған Файзулин Сагит пен Халықов Жандос ағайлар. Жылдан жылға оқушыларымыздың спорттың қай түріне болса да қызығушылықтары артуда.
Футбол турнирін өткізу жалғасын таба берсін дей келе ұйымдастырушыларға табыс және өркендеу тілейміз. "Қазақмыс" корпорациясына алғысымыз шексіз!


Комментариев нет
Просмотров: 28
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 29.04.2025 в 13:34