Қазақша оқитын бастауыш сыныптарда шырша мерекесі өтті.
Кривощеково орта мектебінде желтоқсанның 27-сі қазақша оқитын бастауыш сыныптарда шырша мерекесі өтті.
Мерекеге Аяз ата мен Ақшақар және ертегілер кейіпкерлері қонаққа келді.Кейіпкерлер балалармен ойын ойнап,шырша мерекесін қызықты өткізді.Балалар Аяз атаға тақпақ,ән айтып өнерлерін көрсете отырып,одан сыйлықтар алды.Әр сыныпқа өз өнерлері үшін сыйлықтар берілді.
Шырша мерекесін жақсы өткізіп,ескі жылмен қоштасып келген жаңа жылымызбен табыстық. 

Комментариев нет
Просмотров: 323