Меню KDT

денсаулық апталығы

Қаратал негізгі мектебінде 2017 жылдың 04-09 қыркүйек аралығында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында                                                            «Дені саудың –тәні сау»  атты денсаулық   апталығы өтті.                                  

4 қыркүйек апталықтың ашылуы болды, оқушылырды жұмыс жоспарымен таныстырылды.Әлеуметтік педагог Габбасова Толқын «Салауаттылық-денсаулық кепілі» тақырыбына баяндама оқыды.

5-6 қыркүйек күні футбол,волейболдан,үстел теннисі мен шахматтан сыныптар арасында жарыстар өткізілді.7 қыркүйекте қазақ халқының ұлттық ойындары :арқан тартыс, алты атар сияқты ойын түрлері де ұйымдастырылды. 8 қыркүйекте  «Көңілді старт» атты әр түрлі ойын түрлерінен сайыстар өтті.

9 қыркүйек күні апталық  «Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда !» деген ұранмен «Денсаулық фестивалі-2017» ,флэш-моб ұйымдастырылып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып,қорытындыланды. Оқушылыр асқан қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып атсалысты.

 

 

                                              Дене тәрбиесі мұғалімі:     Аштаев А.Қ.



Комментариев нет
Просмотров: 384
Автор: b1223skobilim
Сайт: www.b1223.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.09.2017 в 00:00