Шағырсай негізгі мектебінде қыркүйектің 2-сі күні Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
Шағырсай негізгі мектебі
Шағырсай негізгі мектебі бойынша «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны бойынша ақмарат
Шағырсай негізгі мектебінде қыркүйектің 2-сі күні Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын белгіленген уақытта тура сағат 10-00 де басталды. Жиынға аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы Киманов Сүйініш Дәуленұлы қатысты. Сондай-ақ жиынға мектеп оқушылары, ұстаздар және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимінінен басталды. 1-сынып оқушылары мерекелік көңіл-күнімен музыка әуенімен ортаға шақырылды. Құттықтау сөз жұмыспен қамту орталығының бастығы Киманов Сүйініш Дәуленұлы жиналғандарды білім күнімен құттықтап, 1-сынып бүлдіршіндеріне Президент сыйлаған кітібын табыстады. Келесі сөз мектеп директоры Искаков Қуаныш Серікұына берілді. Салтанатты жиын соңында мектеп оқушылары «Мен өз Отанымның патриотымын» атты тәрбие сағатына шақырылды. Тәрбие сағатына сынып жетекшілері барынша дайындалып, көрнекіліктер, слайдтар дайындап жоғары деңгейде өткізілді.
Комментариев нет
Просмотров: 338