#Біртұтас_тәрбие #Наурызнама #Төрт_тоқсан_төрт_өнер #Ұлттықөнеркөрмесі #3тоқсан 16 НАУРЫЗ - МӘДЕНИЕТ және ҰЛТТЫҚ САЛТ ДӘСТҮР КҮНІ Ұлттық мәдениетті сақтау мақсатында үйірме жетекшісі Иванченко С.Н мен Амбицкая Н.А ұйымдастыруымен көрме ұйымдастырылды. "Ұлттық өнер» көрмесі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның құндылық әлеуетін іске асыру. «Ұлттық өнер» көрмесінің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін ашу, мәдениет пен өнер арқылы әдемі әлемге баулу, ел тарихының маңыздылығы мен қатысуын арттыру, отансүйгіштікке және туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мәдени мұраны сақтау.
19.03.2024
#Біртұтастәрбие #Наурызнама 15 НАУРЫЗ - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ 💝💝💝 Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Наурызнама” онкүндігіне байланысты 15-наурыз-Қайырымдылық күніне орай мектеп оқушылары, мектеп ұжымы, ата - аналардың ұйымдастыруымен «Жақсылық жасап жарысайық!» тақырыбында жәрмеңке өтті. Оқушылардың қолдан пісірген тағамдары сатылып, түскен қаржыны әріптесіміздің баласы Айханның еміне берілді.
19.03.2024
#Біртұтас_тәрбие #Наурызнама #14наурыз_Көрісукүні Мектеп жанындағы "Балбөбек" шағын орталығының тәрбиешісі Мұратханқызы Гаухардың ұйымдастыруымен "Көрісу күні- Амал мерекесіне" орай шара өткізілді. Мақсаты: қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
19.03.2024
#педагог_кадрларды_аттестаттау Педагог кадрларды аттестаттау ереже жобасын түсіндіру бойынша 2024 жылдың 13 наурызында жиналыс өткізіліп, мұғалімдер ұжымына " Аттестатталатын педагогтың іс-әрекет қадамдары мен "ұстаз" ұлттық платформасының жұмыс механизмдері түсіндірілді. Жоба мазмұнына сәйкес презентация арқылы жиналысқа қатысушылар Ұлттық платформамен, оның ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар педагог кадрларды аттестаттау тәртібімен, ППБ тапсыру тәртібімен танысты. Еңгізілген жаңашылдықтар мен өзгешеліктер туралы ақпарат ала отырып, өздерінің сұрақтарын да қойды. Бірқатар ұсыныстарды да жолдады.
19.03.2024
Найдено новостей: 106254. Показано с 15057 по 15072