Меню KDT

«Шахматшы қонжық» балалар кітабы.


Мектепте мектеп кітапханадасында «Тәтті ертегі» жобасы аясында жарық көрген «Шахматшы қонжық» балалар кітабының шарасына 1 «Ә», 1 «М», 1 «И» және 2 «Ә» сыныптарының оқушылары белсене қатысуда. Осы орайда ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен оқушыларға кітап тарату рәсімі ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды. «Шахматшы Қонжық» ертегісі 4–12 жас аралығындағы балаларға арналған. Заманауи туынды баланың тіл байлығын дамытуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, эмоциялық мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Ертегі кейіпкерлерінің бейнесі балалардың қабылдау ерекшеліктеріне сай көркем әрі тартымды етіп жасалған. Әр оқушы қызығып, әр педагог қызығып жоба жұмысын жандандыруда. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 15.05.2026 в 19:01