15 мамыр – Халықаралық отбасы күні.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай 5-сынып оқушылары арасында «Отбасы – өмір аясы» атты кездесу сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отбасы құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, отбасының қоғамдағы және адам өміріндегі маңызын ұғындыру, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрге деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.Кездесу сағаты барысында оқушыларға отбасының берекесі мен бірлігінің маңызы түсіндіріліп, отбасы тәрбиесінің мәні жан-жақты ашып көрсетілді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қамшы өру өнері, шаш өрудің ұлттық үлгілері таныстырылып, олардың тәрбиелік әрі мәдени маңызы туралы мағлұмат берілді. Кездесу сағаты аясында әр отбасының өзіндік ерекшелігі мен жеке құндылықтары туралы әңгіме өрбіп, ұлттық салт-дәстүрлерді білу, түсіну және құрметтеу жөнінде тағылымды ақыл-кеңестер айтылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, отбасы мүшелеріне деген сыйластық, қамқорлық және жауапкершілік туралы пікір алмасты.Кездесу сағаты мазмұнды өтіп, оқушылардың ұлттық құндылықтарға, отбасы тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті деп білеміз. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров: 3