«Profi Day» мамандықтар жәрмеңкесі.
2026 жылғы 5 мамыр күні С. Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында «Profi Day» мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «64-те қонақта» жобасы аясында түрлі салада еңбек етіп жүрген ата-аналар білім алушыларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы таныстырылым өткізді. Олар өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, оқушылардың болашақ кәсіп таңдауына қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледждердің таныстырылымдары фойеде арнайы ұйымдастырылған көрме аймағында өткізілді. Әрбір оқу орнына жеке стендтер қарастырылып, онда білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, гранттық мүмкіндіктер және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Қатысушылар оқу орындарының өкілдерімен тікелей тілдесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды. Сондай-ақ талапкерлерге арналған ақпараттық материалдар (буклеттер, брошюралар) таратылып, кәсіби бағдар берілді. Іс-шара аясында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты шеберлік сағаты өтті. Оқушылар өздері таңдаған мамандық иесінің бейнесінде арнайы киіммен қатысып, сол мамандық туралы қысқаша таныстырылым жасап, «Мен кіммін!» сапйысқа қатысты. «Profi Day» – бұл тек жәрмеңке ғана емес, оқушыларға болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт беретін маңызды алаң. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ата-аналар, оқушылар және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысып, бірлесе отырып, жас ұрпақтың кәсіби бағдарын айқындауға үлес қосады деп білеміз. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров: 5