Меню KDT

«Жаңа Конституция – «Адал Азамат» бағдарламасын қалыптастырудың негізі» бірыңғай құқықтық сынып сағаты.


Астана қаласы Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейде 2026 жылғы 4 мамырда 9–11 сынып оқушыларына арналған «Жаңа Конституция – «Адал Азамат» бағдарламасын қалыптастырудың негізі» тақырыбында ашық бірыңғай құқықтық сынып сағаты өткізілді. Қалған сыныптарда осы тақырыпта сынып сағаттары жалғасын тапты. Іс-шараны тарих және құқық негіздері пәні мұғалімдері Бекназарова Дина Омаровна және Тығымбаев Тәңірберген Айтбайұлы ұйымдастырып, жүргізді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және адалдық, әділдік, азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру болды. Сабақ барысында оқушылар Конституцияның құрылымы мен мазмұнын талдап, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтті. Сонымен қатар «Адал азамат» ұғымы талқыланып, оның негізгі қасиеттері анықталды. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 04.05.2026 в 18:40