Меню KDT

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады.


2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады.

✍️ Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол мектепте оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде мектепке қабылданады.
Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
🌐 Электрондық түрде: www.egov.kz порталы арқылы
🏫 Қағаз түрінде: мектепке барып, жеке тапсыру

📑 Қажетті құжаттар:

Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші; 📝

Баланың туу туралы куәлігі;

Ата-ананың (заңды өкілдің) жеке куәлігі;

№ 065/у «Егу паспорты» және № 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»; 🏥

Көлемі 3х4 см баланың фотосуреті. 📸

📍
Құжаттар жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма) қабылданады.

🔄 Мектептер арасында балаларды ауыстыру:
Құжаттарды қабылдау және мектеп ауыстыру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
• Соттың заңды күшіне енген шешімі болғанда; ⚖️
• Бір елді мекен ішінде немесе басқа жерге қоныс аударғанда 🏠 (тұрғын үй құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда);
• Қазақстаннан тыс жерге шыққанда ✈️ (растайтын құжаттар ұсынылса);
• Бала зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе буллингке ұшыраған (немесе куәгер болған) жағдайда.

📞 Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін байланыс телефондары:
87758191981, 87015816389, 87078058976
info@42mektep-astana.edu.kz


Комментариев нет
Просмотров: 26
Автор: 42mektep
Сайт: 42mektep-astana.edu.kz
Добавлено: 31.03.2026 в 09:58