2026 жылғы 31 наурыз күні «Табысты менеджер» облыстық конкурсы өтті.
2026 жылғы 31 наурыз күні «Табысты менеджер» облыстық конкурсы өтті.
2026 жылғы 31 наурыз күні «Табысты менеджер» облыстық конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты - орта білім беру ұйымдарындағы көшбасшылық әлеуетті анықтау, қолдау және облыстағы білім беру ұйымының озық инновациялық менеджментін насихаттау.
Конкурс барысында:
17 қатысушы «Білім беру менеджментіндегі менің инновациям» бөлімінде басқару жүйесіндегі жобаларын TEDx форматында қорғап, «Табыс формуласы» кейстерін шешуде өз тәжірибесінен нормативтік-құқықтық құжаттар негізіндегі тиімді басқару шешімдерін, педагогикалық ұжыммен сындарлы өзара әрекеттесуде кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті.
Қазылар алқасы жобаны таныстыру мәдениетіне, идеяның бірегейлігі мен мазмұнына, практикалық маңыздылығына аса мән берді.
Конкурс нәтижесі:
І орын - Тельжанова Айнур Нурбековна (Үржар ауданы, Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебінің директоры)
ІІ орын - Анкебаева Асем Маркаленовна (Аягөз ауданы, Қалалық қазақ мектеп-лицейі директорының орынбасары)
ІІ орын - Дюсюпова Жанар Слямбековна (Көкпекті ауданы, Қ. Аухадиев атындағы орта мектебі директорының орынбасары)
ІІ орын - Аязбаева Жанар Маулитовна (Семей қаласының № 6 гимназиясы директорының орынбасары)
ІІІ орын - Баяхметова Шынар Султановна (Семей қаласы, Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы директорының орынбасары)
ІІІ орын - Канапьянов Азамат Бияхметович (Жарма ауданы, Салқынтөбе негізгі мектебінің директоры)
ІІІ орын - Садыбекова Анар Жұмасияқызы (Абай ауданы, Жалпы орта білім беретін мектебінің директоры)
Жүлдегерлерге әдістемелік орталықтың І, ІІ, ІІІ Дәрежелі Дипломдары және Абай облысының кәсіподақ ұйымының қолдауымен І орынға - шипажайға, ІІ орынға Алакөл демалыс орнына жолдама, ІІІ орынға ақшалай сыйақы табысталды.