Атом электр станциясының қауіпсіздігі - басым міндет
Халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, болашақ атом электр станциясын пайдалану кезінде төтенше жағдайлар мен техногендік сипаттағы апаттардың алдын алу Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі мен «ҚАЭС» ЖШС-нің басым міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен өткен жұмыс кездесуі барысында атом электр станциясын салу жобасын іске асыруға дайындық мәселелері талқыланды, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою мәселелері қаралды.
Кездесуге қатысушылар тұрақты ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге дайын екендіктерін растады және ағымдағы жылға арналған басым бағыттар мен бірінші кезектегі іс-шараларды айқындады.