Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің 2026 жылғы 16 сәуірде өткен «Инклюзивті білім беруді қалыптастыру және дамыту мәселелері, оның ішінде педагог кадрларды әдістемелік қолдау» атты тақырыптық комитет отырысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, кадр тапшылығы, жоғары оқу орындарында арнайы мамандарды даярлау сапасы, олардың біліктілігін арттыру қажеттілігі, сондай-ақ арнайы мамандардың жалақысын көтеру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, «ерекше баласы» бар аналардың зейнет жасын 55 жас деңгейінде сақтау, ауылдық жерлердегі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жағдайы, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі және білім беру сапасы мәселелері де кеңінен сөз болды. Осы өзекті мәселелер бойынша тиісті министрліктерге нақты тапсырмалар берілді. Көтерілген ұсыныстар мен бастамалардың іске асырылу барысын қарау мақсатында келесі дөңгелек үстел отырысын үш айдан кейін өткізу жоспарланды.
Комментариев нет
Просмотров: 71