Меню KDT

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

ТҰРАҚТЫ


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1. Бос лауазым: ОДиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1 бірлік (орыс және қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда);
2. Лауазымдық жалақысы: 181000-200000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
3. Конкурсты өткізу мерзімі: 24.09.2025 жылы сағат 14:00
4. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5. Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу қаласы, Өмірзақ Орынбаев көшесі №4, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 2-15-41
Электрондық адрес: chush-40@yandex.kz
Біліктілік талаптары: педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер
Жоғары білімі (педагогикалық)
Міндеті: 

-Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

-Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

-Мектептің Ұлттық Білім Дерекқорымен (НОБД) жұмыс жасайды;

-BilimClass электронды журналына толықтай жауапты, журналдың дұрыс әрі тұрақты жүргізілуін қадағалайды;  


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
       1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

       11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 16  қыркүйегіне  дейін жүргізіледі.

 

Теги:  вакансия

Комментариев нет
Просмотров: 11
Автор: zhambylb40
Сайт: 40licey-shu.edu.kz
Добавлено: 05.09.2025 в 20:07