Меню KDT

36-шы маусым «Ерте ояндым, ойландым... Жас Абай» трагедиясымен ашылады

36 -ШЫ МАУСЫМ «ЕРТЕ ОЯНДЫМ, ОЙЛАНДЫМ... ЖАС АБАЙ» ТРАГЕДЕИЯЫМЕН АШЫЛАДЫ


Аймауытов театрында 9 қыркүйек күні 36-шы маусым ашылады. Театр жаңа маусымды Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырып, Мұхтар Әуезовтің «Ерте ояндым, ойландым... Жас Абай» қойылымымен бастауды ұйғарып отыр.  

«Ерте ояндым, ойландым... Жас Абай» трагедиясы - ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани оянысы мен халқының қамын жеген терең ойларын бейнелейтін театрлық қойылым. Бұл спектакльде жас Абайдың жүрегін мазалаған сұрақтар, ел ішіндегі надандық пен жалқаулыққа қарсы ішкі күресі, әділет пен білім жолындағы ізденісі көркем сахналық образдар арқылы өріледі.

Қоюшы режиссері  - Әділет Ақанов

Режиссер ассистенті –   Бауыржан Манатбекұлы                                                                                

Қоюшы суретшісі – Ұлан Несіпбай

Композиторы – Елемес Өмірұзақ

Балетмейстер – Айгүл Дайырбаева

Музыка беруші – Самал Уразалимова

Жарық беруші – Мақсат Қайырбеков

Жаңа маусымда театр ұжымы екі бірдей халықаралық театрлар фестиваліне шақырту алып отыр. Оның бірі 12-17 қыркүйек күндері Жезқазған қаласында өтетін Жанат Хаджиев атындағы VI халықаралық театр фестивалі болса, екіншісі – 23-27 қыркүйек күндері Ақтөбеде өтетін Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналған VIІ халықаралық «Balausa» экспериментальді спектакльдер фестивалі.

Театрдағы жаңа маусымның ашылуы 9 қыркүйек күні сағат 18.30-да.

 

 

Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры


Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: aimauytovteatry
Сайт: kmdt.kz
Добавлено: 05.09.2025 в 19:07