Тұмауға қарсы вакцинация – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жыл сайынғы тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталады. Бұл – суық тию мен вирустық аурулар маусымында денсаулықты сақтаудың маңызды әрі тиімді жолы.
Иммундау ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 27 тамыздағы Қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Мақсаты – тұмаудың алдын алу және күзгі-қысқы кезеңде ЖРВИ-мен сырқаттанушылықты азайту.
Неліктен екпе салдыру керек?
Тұмау – асқынуға әкелуі мүмкін ауыр ауру. Әсіресе балалар, қарттар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Вакцинация аурудың ауыр өту қаупін төмендетеді және өзіңізді де, жақындарыңызды да қорғайды.
Вакцина туралы:
-Вакциналар ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен сатып алынған
-Мемлекеттік тіркеуден және сапа бақылауынан өткен
-Қауіпсіз, тиімді және ДДСҰ-ның 2025–2026 жылдарға арналған ұсыныстарына сәйкес келеді
Кімдер тегін вакцина ала алады?
-6 айдан асқан балалар
-Жүкті әйелдер (2–3 триместр)
-60 жастан асқан адамдар
-Созылмалы аурулары бар науқастар (ҚД, ЖЖА, БА және т.б.)
-Медицина қызметкерлері
-Әлеуметтік осал топтар (балалар үйлері, интернаттар, қарттар үйлері)
Қалай вакцина салдыруға болады?
Тіркелген емханаңызға жүгініңіз, учаскелік дәрігердің қарауынан өтіп, екпе бөлмесінде вакцина алыңыз. Вакцинация барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып жүргізіледі.
Екпе бөлмесінің жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма, сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін.
Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз – тұмауға қарсы екпені уақытында алыңыз!