Меню KDT

"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" Республикалық қайырымдылық акциясы


🔰"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" Республикалық қайырымдылық акциясы
🔰"Мектепке жол республикалық қайырымдылық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті оқумен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
🔰Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
🔰Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Науқанға кез-келген адам қатыса алады: барлық азаматтар, еріктілер, кәсіпкерлер, меценаттар және т.б.
🔰Көмек көрсетуге өз үлесімді қосамын деген азаматтар А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия әкімшілігіне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Байланыс телефондары:
+77758240124
+77024361661
Баршаңызды "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясына белсене қатысуға шақырамыз.
Ізгі ниетпен А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия әкімшілігі.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshkola306Shu%2Fposts%2Fpfbid0qNZnKqUesuZ1PHbVnpUST96BVshmkur5Uhcr2Z1z3erd7oSAkZUsAKGSpHAftxZsl&show_text=true&width=500" width="500" height="544" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>


Комментариев нет
Просмотров: 65
Автор: zhambylbaitursynova
Сайт: baitursinuli-shu.edu.kz
Добавлено: 01.08.2025 в 12:54