Меню KDT

Экология айлығы 2019 жыл



Сәуірдің  8- жұлдызы мектебімізде экология онкүндігінің ашылуы болды.

Мақсаты: Оқушыларды экологиялық мәдениеттілікке, табиғи ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыра отырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.

Міндеттері:

- Сабақтарда және сабақтан тыс өткізілетін мектепішілік  іс шараларда оқушылардың ойлау қабілетін  жетілдіретін әр түрлі әдістер мен технологияларды қолдану;

- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін сыныптан тыс жұмыстарды, олардың түрлі формаларын қолдану;

- Жаңа педагогикалық технологиялады іс-тәжірибемізде қолданып, өзара тәжірибе алмасу;

- Оқушылардың экологиялық тәрбиесі мен білімін арттыру;

- Жас ұрпақты жаһандық, сондай-ақ жергілікті сипаттағы қоршаған орта мәселелеріне тарту;

- Факультативтік, үйірме жұмыстарын жандандыру;

- Білім беру мазмұнын халықтық педагогикамен тығыз байланыста жүргізу.

 

  Осы онкүндік ішінде оқушылар әрбір іс-шараларға  белсене қатысты.

 


Онкүндіктің ашылуынан көрініс.

«Экочелендж», «Климаттық қобдиша». Ойын алаңдарын ұйымдастырылды
.

 

 

 

 

11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 7,8,9,10 сыныптар ойын алаңында белсенділік танытты.

«Экоболашақ» акциясы. Макулатура жинау акциясына 1және 2 сынып оқушылары қатысып, 600 килограмдай қағаз жиналды.

 

«Құстар біздің досымыз» 1-6 сыныптар арасында өткізілді.

 



Осы онкүндікте мектебіміздің кітапханашыларымыз да атсалысып «Ғарышкерлер күні» және «Біз табиғатты қорғаймыз»  көрме ұйымдастырып, мектеп оқушыларын тамашалауға шақырды.



«Ас адамның арқауы» атты жәрмеңке 5-10 сыныптар арасында өткізілді.

 

 





«Қолөнер шеберлері» сайысынан көрніс.4-6 сыныптар.

 



Онкүндіктің жабылуы. Марапаттаулар.

Іс-шараларға қатысқан барлық оқушылар марапаттауларға ие болды.







 

 







Комментариев нет
Просмотров: 653
Автор: b1429skobilim
Сайт: www.b1429.sko-bilim.kz
Добавлено: 19.04.2019 в 17:00