Меню KDT

«О, спорт! Сен – түгел ғаламсың»

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен.


     «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі.  Мамлют қазақ мектеп- интернатының да оқушылары өздеріне сенімділігін арттыру үшін, денелерін шынықтыру үшін түрлі спорт үйірмелеріне қатысып, спорттық  жарыстарда жүлделі орындард иеленді.
       Балалар мен жасөспірімдер  арасындағы Кекушинкай каратэде Солтүстік Қазақстан облысының ашық чемпионатында 2 орын алғаны үшін Айдосұлы Санжар және 1 орынды  Құдайберген Шыңғыс иеленді.




Комментариев нет
Просмотров: 482
Автор: b0828skobilim
Сайт: www.b0828.sko-bilim.kz
Добавлено: 23.04.2019 в 16:32