Халықаралық «Зерде-2019» математикалық олимпиадасының қорытындысы
Бұл олимпиадаға 2 – 7 сынып оқушылары (102) мен мұғалімдер (30) қатысқан болатын
Сәуір айының 20-21 күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен Дарынды балаларға арналған №9 "Зерде" мектебінің ұйымдастыруымен Халықаралық "Зерде-2019" математикиалық олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға 2 – 7 сынып оқушылары (102) мен мұғалімдер (30), сонымен қатар Республикамыздан Павлодар қаласы, Қостанай қаласы, Қарағанды қаласы, Ақмола облысы, Баян -Өлгей аймағынан да командалар қатысқан болатын. Олимпиада үш кезеңнен тұрып, команда құрамына кірген бастауыш және орта сынып математика мұғалімдері арасында жеке-жеке өтілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша бастауыш командасы жоғары ұпаймен І,ІІ кезеңнен өтіп, ІІІ кезеңге жолдама алды. Үшінші кезеңнен де сүрінбей өтіп №15 мектеп-лицей бастауыш мұғалімі мен оқушылардан құрылған команда төмендегідей жетістіктер көрсетті.
Бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Айгуль Камидулловна ІІІ дәрежелі диплом, 3 «Ә» сынып оқушысы Құдайберген Амирхан ІІІ дәрежелі диплом (жетекшісі: Жүсіп А.А.), 4 «А» сынып оқушысы Бижанова Елдана (жетекшісі: Жубаназарова Н.У.) және 2 «Б» сынып оқушысы Сағыт Шыңғысхан (жетекшісі: Сулейменова А.К.) мадақтама алып, мектептің қоржынына тағы бір жетістік әкелді.