Меню KDT

«Абай оқулары»

«Абай тілінің кеңдігін, өткірлігін қазақ тілінің

Кеңдігі, өткірлігі деп  аңлау керек.  Бұл тілдің

байлығы, әдемілігі, Абай өлеңдері арқылы ашық көрінеді.»





Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқаулардың бірі – «Абай оқулары» байқауы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде биылғы жылы  «XX  Абай оқулары» , Абай Құнанбайұлының мұрасын жан- жақты  зерделеуге бағытталып,  «Өлең-  сөздің патшасы, сөз сарасы », «Көңілім әнді ұғады» және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» айдарларында өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша  барлық қатысушылар әділ бағаланып, жүлдегерлер облысқа жолдама алды, оның ішінде біздің мектеп- интернатымыздың 8- сынып оқушысы Тастан Айымгүл   «Көңілім әнді ұғады» айдарында І жүлделі орынға ие болды.  Жас ақындар байқауында 8- сынып оқушысы  Мендешева Алтынай өз өлеңдерімен Абай шығармашылығына тағзым білдірді, өз шығармашылығы үшін әділ- қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» айдарында  10- сынып Қамбарова Нурзия шығармашылығымен ерекшеленіп сертификатпен марапатталды.


                                                      


                                                      


                                                      


Комментариев нет
Просмотров: 395
Автор: b0828skobilim
Сайт: www.b0828.sko-bilim.kz
Добавлено: 19.04.2019 в 16:25