"Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен 4-сыныптар арасында қалалық олимпиада болып өтті
"Астана дарыны" дарындылықты дамыту және сүйемелдеу орталығының жоспарына сәйкес 4-сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиадасы мектебімізде болып өтті. Қала мектептері арасынан 292 оқушы қатысты.
"Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 4-сынып оқушыларына аранлған қалалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті. Қала бойынша 80 білім беру мекемелерінен 292 оқушы бақ сынасты. Мектебіміздің 4 "Ә" сынып оқушысы Нұрлыбай Алина І орын (пән мұғалімі Аширбаева Молдир Қасқырбаевна), 4 "Б" сынып оқушысы Әділбек Талшын ІІ орын ( Базарбаева Нұргүл Қалдыбековна), 4 "Ж" сынып оқушысы Нұх Қарлығаш ІІ орын (пән мұғалімі Сауан Гүлсара). Жетістікке жеткен оқушыларымыз бен жетекші мұғалімдерді жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!