Меню KDT

"АТА-АНАМНЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ БІР КҮН"

"АТА-АНАМНЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ БІР КҮН" әлеуметтік жобасы
Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектепте оқу жылының екінші жартыжылдығынан бастап түрлі әлеуметтік жобалар енгізіліп келеді.


"АТА-АНАМНЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ БІР КҮН" әлеуметтік жобасы
Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектепте оқу жылының екінші жартыжылдығынан бастап түрлі әлеуметтік жобалар енгізіліп келеді. Әлеуметтік жобаларды енгізудегі басты мақсат - оқушыларымыздың жан-жақты ізденіп, тәжірибе жинақтауына жол ашу. Осындай жұмыстардың бірі "Ата-анамның жұмыс орнындағы бір күн" әлеуметтік жоба аясында мектебіміздің 8-сыныптарынан жасақталған он оқушымен бірге жасалған алғашқы қадам. Мектебіміздег
і қамқоршылық кеңесінің мүшесі, "Элит" баспа орталығының басшысы Ирсалиева Сания Камбаровнаның қолдауымен аталмыш орталыққа барып, баспа қызметінің қыры мен сырына қанығып, өз көздерімен көріп, тәжірибе жинап келген оқушыларымыздың қуанышында шек жоқ. Айтары да, жазары да жетерлік. Сыныптастарымен бөлісер ойлары да бір бөлек...Осындай бала үшін маңызды да қызықты жобаға өзіндік қолұшы мен көмегін ұсынған, болашақта да қолдау бере алатын мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Шингужинова Тлектес Сайxатановнаға шын ниетімізбен алғыс білдіреміз. Бұл шара аталмыш жобаның басы ғана. Болашақта оқушыларымыз ата-аналарының жұмыс орнындағы бір күн арқылы ата-ана еңбегін бағалап, жұмыстағы қызығы мен шыжығы көп сәттерін көре отырып, өз жолдарын табуда нақты шешімдер шығара алатын сыни тұлғаға айналады деген болжамдарымыз ғана бар әзірге.





Комментариев нет
Просмотров: 459
Автор: 37mektep
Сайт: www.37.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.04.2019 в 19:10