Меню KDT

Астана қаласы №29 орта мектептің "Жас талап" домбырашылар ансамблінің Балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Шаттық-2019" ашық шығармашылық қалалық байқауына қатысуы

Астана қаласы №29 орта мектепте биылғы оқу жылында "Жас талап" домбырашылар ансамблі жаңа құраммен жасақталып,арнайы костюмдермен жабықталып,қайта құрылды.


Ансамбль құрамында: Байнұрұлы Ансар,Совет Нұрбай,Шариполлинов Айдос,Қанат Санжарбек,Жумадилов Ерболат,Каким Диана,Хабиболла Нейля орта топ оқушылары. 08 сәуірде өткен сайыста жүлделі орынға ие болып,дипломмен марапатталды. Ансамбль жетекшісі Н.Ш. Мусатаева, көркемдік жетекшісі Апаков Азамат. Сейтектің күйі "Бес қызды" нақышына келтіріп орындаған домбырашыларға мектеп әкімшілігі атынан ризашылығымызды білдіреміз! Қолдау көрсеткен ата-аналарға да алғысымыз шексіз!


Комментариев нет
Просмотров: 705
Автор: 29mektep
Сайт: www.29.astana-bilim.kz
Добавлено: 20.04.2019 в 12:08