«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы - оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізі»
19.04.2019ж. Нұр-Сұлтан қаласындағы №52 мектеп-гимназияда Оразахынова Нұрша Алжамбайқызының «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы - оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізі» атты эксперименттік алаң жұмысының іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны мен «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының үйлесімі негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының инновация бөлімінің басшысы Шаяханова Роза Акпановна, Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Амиргалиева Дайра Кайнемовна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филологиялық пәндерді оқыту кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Кіші ғылым академиясының Вице-президенті, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Алматы облысы Райымбек ауданының «Құрметті азаматы», «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы Оразахынова Нұрша Алжамбайқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Мансап» орталығының басшысы Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді білім беру институтының директоры, ф.ғ.д., профессор. Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академигі Әбдіғазиұлы Балтабай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді білім беру институты, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Кенжебаева Гүлдариға Мерекебайқызы, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доктаранты Нүптекеева Гүлназ Байқонаққызы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының Жамбыл облысы бойынша модераторы Мұхтарова Есенкүл Мұхтарқызы, Алматы облысы, Райымбек ауданы Албан Асан Барманбекұлы атындағы мектеп-гимназия директоры Нокеев Адилжан Касымханович, сонымен қатар Республика бойынша «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен жұмыс жасап жатқан мектептердің директорлары, ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасарлар, пән мұғалімдері, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖОО мен колледждерден, балабақша өкілдері, жалпы 107 педагог қатысты.

Семинардың ашылу салтанатында мектеп-гимназия директоры Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен жұмыстың қалай басталғандығы туралы және үшжылдық жұмыстың нәтижелерімен таныстырды. Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының инновация бөлімінің басшысы Шаяханова Роза Акпановна құттықтау сөз сөйлеп, семинардың практикалық бөлімінің сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. 

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясын заманауи білім беру жүйесімен үйлестіре отырып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен бұл семинарда тәжірибе алаңындағы сыныптардың пән мұғалімдері оқушылардың тілдік бірліктерді үш тілде талдау дағдыларын, сондай-ақ балалардың үш тілде ауызша ой толғау шеберліктерін көрсетіп, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен деңгейлік және жаңартылған оқу бағдарламаларының үйлесімділігін сабақ үрдісінде жүзеге асыру, поэзиялық шығармаларға сатылай кешенді талдау жасау арқылы оқушылардың бойында ұлтына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен қазақ тілі негізінде орыс тілі және ағылшын тілдерін меңгертудің тиімділігін дәлелдеу, сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін, танымдық қабілетін, функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарын ұсынып, эксперименттік алаңдағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогтерге, оқушылар мен ата-аналарға мәдени-рухани жағынан да, тәлім-тәрбиелік жағынан да тағылымы мол, құндылығы зор семинар іс-шаралары – мектептегі ұжымдық жұмыстың, мұғалімдердің шығармашылық ізденістерінің жемісі.
Семинарда іс-тәжірибесімен бөлісіп, ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды көрсеткен Сапарбаева Раушан Тажибаевна, Әбдікәрімова Шынар Әбдікәрімқызы, Калиева Акжанай Еркинбаевна, Амишева Айнаш Дүйсенбайқызы, Сатова Айгуль Шаттыковна, Мухтарова Аягуль Амангельдиевна, Наурзбекова Бактыгул Ныгимановна, Тулентаева Айгуль Алибековна, Абенова Бибінұр Бегалиевна, Адилбаева Галия Шанбаевна, Таубай Пернегүл, Абдукодирова Маржан Ержановна, Кожахметова Зайра Абилхасовна, Касимбаева Эльмира Нургалиевна сынды мұғалімдерге алғыс білдіріп, шығармашылық табыстарға жете берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.