Меню KDT

"Шаттық -2019" ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Жыл сайын көктем мезгілінде «Шаттық» балалар мен жасөспірімдер арасында ашық шығармашылық байқауы өтеді. 
       Бұл жылы 13-ші «Шаттық 2019» байқауы  сәуір айының 8-і мен 15-і аралығында өтті. Алты мыңнан астам қатысушы әр түрлі алаңдарда аспап, халық аспабы, хор, театр, фотосурет, хореография, вокал, бейнелеу өнері, ерекше жанр салалары бойынша бақ сынасты. Байқауда 100 – қола, 75 – күміс, 40 – алтын жүлде ойнатылды. 
     Байқауға қатысушылар үш жас ерекшелігі бойынша 8-11 жас, 12-14 жас, 15 және одан жоғары жас ерекшеліктері бойынша өнер көрсетті. 
     Мектебіміздің намысын қорғағандар :
Бейнелеу өнері номинациясы бойынша Айдынғали Аяжан – күміс;
Ахметжан Айя – қола жүлделерін жеңіп алды.
Хореграфия номинациясы бойынша мектебіміздің 8-11жас аралығындағы бишілеріміз алтын жүлдені жеңіп алды.
Астаптық жанр номинациясы бойынша классикалық аспапта (гитара) Тәжі Алихан – күміс жүлдені,ал  халықтық  аспаптық орындауда (домбыра)  Есенжолова Руслана мен Тапалов Нұрболат – қола жүлдені жеңіп алды. 
Вокал номинациясы бойынша халық әнін орындауда Нұрлашев Жәнібек – қола жүлде иеленді, эстрадалық орындауда Қуаныш Таңшолпан дипломмен марапатталды. 
Ерекше жанр номинациясы бойынша Затынбек Дара мен Станкулова Аружан – күміс жүлдені жеңіп алды. 
Театр, хор, фотосурет номинациялары бойынша мектебіміздің байқауға қатысқан оқушылары дипломмен марапатталды. 
Жеңімпаздарымызды үлкен жетістігімен құттықтаймыз! Жарайсыңдар! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерден көрініңіздер! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!









       


Комментариев нет
Просмотров: 129
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.04.2019 в 15:45