Меню KDT

Жалпы орта білім беретін мектептердің аудандық әкелер Слетінің ҮНДЕУІ


Мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі мен мәртебесін арттыру, отбасы мәртебесін нығайту, рухани-адамгершілік дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды жаңғырту және сақтау.
Іс-шараның ұйымдастырушылары-Нұр-сұлтан Қалалық білім басқармасы. Байқоңыр ауданының мектептері қатысты №4, 5, 8, 10, 16, 21, 23, 27, 31, 34, 49, 54, 55
Талқылау қорытындысы бойынша қалалық әкелер слетіне өкіл жіберіледі.

Жалпы орта білім беретін мектептердің аудандық әкелер Слетінің
ҮНДЕУІ

         Біз, жалпы орта білім беретін мектептердің II қалалық әкелер Слетінің қатысушылары,  қаламыздың барлық әкелеріне өтініш білдіреміз! 

                  Біз, әкелер слетінің қатысушылары :

  1. Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қала мектептерінің әкелер Кеңесінің  қызметіне белсенді қатысуға;
  2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» жобасын іске асыруда  мектепке көмек көрсетуге;
  3. Құқық бұзушылықтың, балалар және жасөспірімдер қылмыстылығының, кәмелетке толмағандар арасындағы  маскүнемдік, нашақорлықтың алдын алу мақсатында «қатер тобындағы» балаларға тәлімгер болуға;
  4. «Әкелер мектебінің» кәсіби бағдарлау және балалар мен жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытта қамтылуы бойынша жұмысын бастауға;
  5. Осы Резолюцияны әрбір білім беру ұйымына жеткізуге шақырамыз.

«Әке» сөзі мақтанышпен айтылатын сөз. Әке – отбасының сүйеніші, іргетасы. Құрметті әкелер, балаларымызға үлгі бола білейік!


Комментариев нет
Просмотров: 267
Автор: 23mektep
Сайт: www.23.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.04.2019 в 11:38