Меню KDT

Жастар форумы 2019


Президент қандай жас қазақстандықтарды көргісі келеді? Оның қазақстандықтарды, бәрінен бұрын, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді. Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты. Бүгінгі күні білім ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2050» Стратегиясының аса маңызды басым міндеттерінің бірі деп танылады. Ел Президентінің республикамыздың алдына қойған әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру ісінде білім саласы елеулі рөл атқарады [2].   Қазақстан қоғамында қазіргі кезде бұрынғы ұрпақтардан айтарлықтай өзгеше, мүлдем жаңа зияткерлік тап: жаңа бағдар ұстанған, құндылық ұстанымдары ұтымды экономикалық іс-қимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған жастар табы қалыптасты. Соған байланысты өзінің республика жастарымен көптеген кездесулерінде Н.Ә. Назарбаев: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді
Бүгінгі күні жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстанымын айқындайтын «Елордалық білім: Жаңа ұрпақ педагогы» Астана қаласы білім мектептерінің жас педагогтар форумы. Аясында өткізілген жастар форумы сайысына  Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп- гимназиясынан  қатысқан Баймакашова Барчиной Махмудалиқызы жеңісты орынмен оралды.
    Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, біз өз отанымыз – Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек. «Бұл - тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның түйінін шешуге мүмкіндік туады» - деген тұжырым Қазақстан тарихшыларына үлкен сенім, әрі міндет артады.  Жас отан жастар форумына ат салысқан қатысушымызға қолдаушылар ретінде мектеп атынан жас мамандар қолдау көрсетті.




 


Комментариев нет
Просмотров: 110
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 08.04.2019 в 14:39