"Ұлы даланың жеті қыры"
Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Мамлют ауданының барлық жалпы білім беретін мектептерінде 9-11 сынып оқушылары арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында бірнеше бағыт бойынша бірыңғай шығармалар күні өткізілді. Өз шығармаларында балалар әр қазақстандықтың өз елінің тарихына деген шынайы көзқарасын ашуға тырысты. Әрбір шығарма ұлттық мақтаныш пен туған жерге деген махаббат сезіміне толы. Ал біз шын мәнінде мақтан тұтамыз!
Өз ата-бабалары үшін ұлттық мақтаныш сезімі елеулі ғылыми базаға, нақты тарихи фактілер мен дәлелдерге ие. Берел қорғаны, алтын адам, Ботай қонысы сияқты артефактілер – бұл қазақстандық дала аумағында жасалған бірегей технологиялардың дәлелі.
Президенттің өзі "Ұлы даланың қырларын" атай отырып, өз тарихына жаңаша қарауға, сондай-ақ "қатаң ғылыми фактілерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы біздің рөлімізді тыныш әрі объективті түсінуге"шақырады.
Сондай-ақ, оқушылар өз шығармаларында біздің атақты батырларымыз, ойшылдар мен билеушілер тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде еліктеуге үлгі болғанына назар аударады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша әр мектепте үздік шығармалар жазған қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.
