Білім министрі студентті оқудан шығаруға қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Алматыда колледж студентін оқудан шығаруға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз ол жайында екі күн бұрын естідік. Дамир деген жігіт. Оның мәселесін зерделеуді бастадық. Бізге түскен ақпаратқа сәйкес, студенттің ата-аналары баласын алып кету туралы өтінішті өздері берген. Дегенмен, қазір біз өзіміз тексеріп жатырмыз. Егер оны заңсыз оқудан шығарса, заң бойынша тиісті шаралар қолданылады», - деді К.Шәмшидинова.
https://www.inform.kz/kz/bilim-ministri-studentti-okudan-shygaryga-katysty-pikir-bildirdi_a3517170
Комментариев нет
Просмотров: 1249