Патриотизм жайлы лекция
2019 жылдың 12 сәуірі күні мектебіміздің 6«В», «Г» сынып оқушылары Елбасы Кітапханасында « Өткенге тарихи шолу жасауда отансүйгіштік – ділдік ерекшелік» тақырыбында лекция тыңдады.
Елбасы Кітапханасының лекторы, әлеуметтік-гуманитарлық, білім жобалары қызметтерінің ғылыми қызметкері Жазира Кузгумбаева отансүйгіштік сезім Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлттық бітіміне тән екенін атап көрсетті. Сондай-ақ табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншілік, үлкендерге құрмет, кішілерге ізет, туған-туысқандарына қол ұшын беру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, Отанын қорғау сияқты қасиеттер - біздің ұлттық құндылықтарымыз.
Лекция өте қызықты өтті. Оқушылардың ізгі пейілді пікірлері лекторды таңғалдырды. Дебат, брейн-рингке белсене қатысып, өз пікірлерін ортаға салуда өздерін еліміздің нағыз патриоты екенін көрсетті. «Қазақстанның 100 жаңа есімдері» жобасымен, Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай батырлардың өмірі мен батырлықтары, қолбасшылық дарындары, ел аузында аңызға айналып кеткен ерліктері жайлы мағлұмат алды.
Лектор өз елінің патриоты бойындағы қасиеттер жайлы тілге тиек етті. Еліміздің батырлары жайлы әңгімелерінің тағылымы мол болды. Әсіресе Ұлы Отан соғысы Батырлары Талғат Бегельдинов, Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктері тыңдаушыларды баурап алды. Келешек ұрпақтың тарихи ұлы тұлғалар жайлы танымын кеңейтіп, мақтан тұтуына бұл лекцияның әсері мол болды.