Аутистикалық спектрдің ауытқуы бар баланың ата-анасына арналған ЖАДЫНАМА
АУТИСТИКАЛЫҚ СПЕКТРДІҢ АУЫТҚУЫ БАР БАЛАНЫҢ АТА-АНАСЫ ҮШІН
НЕГІЗГІ ҰСЫНЫМДАР:
- АСА бар балаларды тәрбиелеудің міндетті компоненті – психологиялық-педагогикалық түзетулер болып табылады. Баланы ерте басталған қарқынды/ ұзақмерзімді коррекциялық оқыту оның анағұрлым жайлы дамуына алып келеді.
- Баланың белгілі бір режимі мен ритмін қатаң ұстануға тырысыңыз (бұл ретте, баланың қалауын барынша ескере отырып қыдыру, тамақ ішу, ұйықтау, ойнау режимін және т.б. құрыңыз).

- Қарым-қатынас жасау және оқу үшін ыңғайлы жабдықталған орынмен қамтамасыз етуге тырысыңыз. Баланы қалжыратпаңыз, сезімдік жүктемесі ауыр болмауын қадағалаңыз.
- Баламен мүмкіндігінше жиі сөйлесіңіз, сөйлеу қарқыныңыз тез болмауға тиіс, беретін тапсырмаңыз айқын және нақты болу керек.
- Балаға оның іс-әрекетін шыдамды түрде сабырмен түсіндіріңіз, ол үшін нақты ақпараттарды қолданған дұрыс болады (сызбалар, кеспе қағаздар, суреттер).
- Бала тапсырманы дұрыс орындаған кезде әрдайым оны қолпаштап, мақтап отырыңыз. Өйткені, егер бала сіздің тарапыңыздан қолдау таппайтын болса, онда өзімен тұйықталып, сізбен сөйлесуден, қарым-қатынас жасаудан қашқақтайтын болады.
- Балаға әрдайым терең зейін қойып, оны байыппен бақылаңыз, оның жайсыздығын білдіретін титтей тілдік немесе тілдік емес белгілерді аулап, түсіне алатын болыңыз.
Мүгедектікті белгілеу сұрақтары бойынша
- тексерілу, бақылау
- диагностика, диагноз қою
- медициналық оңалту, психологиялық-педагогикалық түзеу
- денсаулықтың тұрақты бұзылуы, тыныс-тіршілігінің шектелгені анықталған кезде – медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясына жіберу
- ДКК шешімімен – «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама» электрондық нысанын толтыру
- тұрақты мекенжайы бойынша МӘС-қа жіберу
- Медициналық-әлеуметтік сараптама медициналық ұйымның ВКК жолдамасы мен белгілі бір құжаттар пакетінің негізінде (ҚР ДСМ 2015 жылғы 30.01. №44 бұйрығы), қаралуға келген күні кезекте тұру бойынша өткізіледі
- МӘС бөлімдерінің сараптамалық қорытындысы организмнің жай-күйін кешенді бағалау және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі негізінде шығарылады
- мүгедектік белгіленген жағдайда – оңалтуға қажетті құралдар мен қызметтерді айқындау
- мүгедектік алу баланың жасына тәуелді болмайды
_____________________________________
Қосымша ақпараттарды мынадай сайттардан алуға болады: www.ainar.org,
www.special-edu.kz, nao.kz
Комментариев нет
Просмотров: 402