Меню KDT

Қазақстанның ашық білімінің ұлттық платформасы

Қымбатты достар, бүгін біз сіздерге ашық білім берудің үш платформасы туралы айтқымыз келеді.


Достар, бүгін біз сіздерге үш ашық білім беру тұғырнамалары туралы айтып береміз.

1. Moocs.kz
Бұл Қазақстанның Ұлттық ашық білім беру тұғырнамасы. Мұнда бакалавриаттың негізгі пәндері бойынша онлайн-курстар жиналды. Барлық курстар тегін, сізге тек тіркелу қажет. Курсты аяқтағаннан кейін сертификат аласыз.

Ұлттық тұғырнама Консорциумға қатысатын 12 университетті және 13 серіктес университеттерді қамтиды. Платформаға 3500 студент тіркелді, жетекші оқу орындарының 50 оқытушысы дәріс оқиды.

Физикалық есептер бойынша, математикалық талдау, кәріс тілінен, экология, тіпті нан өндіру технологиясы бойынша да курстар бар! Сілтемемен өтіп, бізге қосылыңыз!

2. Open.kaznu.kz
Бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаппай ашық онлайн курстарының алаңы. Оларды өту үшін сізге тіркелу керек және қызықтыратын курсты таңдау қажет. Курсты аяқтағаннан кейін сертификат аласыз.

Open.kaznu.kz сайтында 16 мың тіркелген пайдаланушылар бар және тәулігіне 500-ден астам адам кіреді. Орташа алғанда, оқушылардың 50% -дан 80% -ға дейін таңдалған курсты аяқтайды.

Қытай тілінен, конституциялық құқықтан, информатика және басқа да көптеген пәндер бойынша курстар бар.

3. Omc.moocs.kz
Open Master Class - әрбір қазақстандыққа таныс мамандардың шеберлік кластары. Бұл интернет-жоба салауатты тамақтанудан шахмат ойынына дейін біздің өміріміздің әртүрлі бағыттарын қамтиды. Мұнда әркім өзіне қызықты нәрсе таба алады.

Стандартты емес тақырыптар және 100% бірегейлікті тек Open Master Class-да таба аласыз. Өз өмірін сүйікті жұмысына арнаған адамдардан бейне сабақтар.

Omc.moocs.kz сайтында қазір 10 шеберлік клас бар.

Көріңіз және үздіктерден үйреніңіз!
#moocs #mooc #моок #open #masterclass #openlife #opencourse#education #открытое_образование #kaznu #universities #almaty#kazakhstan #kz #online_course #online_education

На данном изображении может находиться: текст
 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 217
Автор: mamlyut_skobilim
Сайт: www.mamlyut.sko-bilim.kz
Добавлено: 04.04.2019 в 10:02