Меню KDT

Қалалық "Қазақ хандығы" ойының турнирі


Бүгін № 58 мектеп - гимназиясының қабырғасында "Қазақ хандығы" үстел ойының алғаш рет қалалық турнирі болып өтті. Қалалық турнирге Нұр-Сұлтан қаласының 16 мектебі қатысты. Турнирдің мақсаты: Қазақ хандығы туралы алған білімдерін оқушылар ойын арқылы өз бастарынан өткізіп білімдерін шындай түсу, салт-дәстүр, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойларына сіңіру. Турнирге 5-ші және 6-шы сынып оқушылары қатысты. Әр мектеп командасы ұлттық киіммен, өздерінің таңба ұрандарымен қатыст. Турнирді мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Газиева Жанна Қасенханқызы ашып, турнир жайлы толық мағлумат бере келе қатысушыларға сәттілік тіледі. Қорытынды бойынша "Хан" атағын алған № 58 мекте-гимназия болды. Үстел ойының соңы күмбірлеген күй, мың бұралған биге, әсем әнге ұялатты.









Комментариев нет
Просмотров: 431
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 07.04.2019 в 12:38