Меню KDT

Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-Сұлтан қ. «Ақ көгершін» XIII Халықаралық балалар шығармашылығының фестиваль-байқауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-Сұлтан қ. «Ақ көгершін» XIII Халықаралық балалар шығармашылығының фестиваль-байқауы өткізілді.


    Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің қолдауымен «Ақ көгершін балалар қоры» ҚҚ көктемгі демалыс күндерінде 2019 жылдың 25 наурызынан 28 наурызына дейін Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-Сұлтан қ. «Ақ көгершін» XIII Халықаралық балалар шығармашылығының фестиваль-байқауын өткізеді. Осы байқау «Қазақстан Жастар жылына» арналады. Байқаудың мақсаты - мектептен тыс ұйымдардың баланың жеке тұлға ретінде дамуындағы алатын рөлін арттыру, өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға сайтәрбиелеу, педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіружәне олардың шығармашылық қызметін жандандыру. Осы байқауға балалардың үздік вокалдық ұжымы, жеке орындаушылары, музыканттары, көркем сөз оқушылар қатысты. Қатысушылардың жас шамасы 6 жастан 17 жасқа дейін. Біздің №4 мекткеп-гимназиясының атынан Құрмашева Диана атты жас талантты болашақ әнші өз өнерін көрсетті. Сонымен қоса осы аруымызды дайындаған ұстазымыз Бекмагамбетова Гүлжан Алпысбаевна «ҮЗДІК ҰСТАЗ» атты дипломмен марапатталды.


Комментариев нет
Просмотров: 467
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.03.2019 в 08:00