Меню KDT

Мектеп оқушыларының тамақтану режимі

Тамақтану режимі деп тәуліктік рационды күн бойына дұрыс бөлуді айтады. Тамақтану режимі жалпы күн режимінің құрамына кіріп, оқу процесімен бірге оған негіз болуға тиіс. Біздің мектебімізде тамақтану режимін қадағалау тек медицина қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қоса мектептің бүкіл педагогтарына да жүктелген. 


Тамақтану режимі мектеп оқушысының қай сменада оқитынына байланысты. Біздің мектеп бірінші ауысымда оқитын болғандықтан  балалар үшін тамақтанудың мына мерзімдері белгіленеді: сағат 11- 11,30-да.
Тамақты белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет. Бұл ережелерді сақтаған жағдайда, тамақ ішу уақытынабайланысты балаларда шартты рефлекстер пайда болады. Тамақ ішералдында балаларда асқорыту (И.П. Павловтың сөзі бойынша «тәбеттілік») шырындары бөлініп шыға бастайды, баланың организмі тамақ ішуге және тамақты қорытуға алдын ала әзір болып тұрады. Мұның бәрі асқорыту аппараттарының жұмысы мен баланың жалпы денсаулығына мейлінше жағымды әсер етеді.


Комментариев нет
Просмотров: 311
Автор: b0515skobilim
Сайт: www.b0515.sko-bilim.kz
Добавлено: 03.04.2019 в 17:26