Меню KDT

НАУРЫЗ мейрамы


Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп- гимназиясында  биылғы Наурыз тойы ерекше өтті. Шығыс халқының Жыл басы-Наурыз тойын тойлауға  мектеп оқушыларымен бірге мұғалімдер, ата-аналар да житналып, бір кісідей өткізді.

Әр сынып өз бөлмесінде шаңырақ жасап, безендіріп, дастархан жайып, өнерлерін, қонақжайлықтарын көрсетті. Ұлттық киімде киінген тойшылар ұлттық нақышта ән салып, би билеп көңілді думан қыза түсті. Ұлттық ойындардан жарысқа түсіп, оза шауып бәйге алғандар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды. Наурыз көже,  Наурыз бауырсақ  сайысында 6 «А», 5"А", 5 "Ә" сыныбының ата-аналары алдарына жан салған жоқ. Көктем мерекесімен құттықтаған ата- аналар халқымызға амандық, елімізге тыныштық тіледі.

      

      

       









Комментариев нет
Просмотров: 125
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.03.2019 в 12:44