Меню KDT

Ұлыстың ұлы күні

Бүгінгі күні, яғни 2019 жылдың 16 наурызында мектебімізде Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамын тойлап өттік. 


Бүгінгі күні, яғни 2019 жылдың 16 наурызында мектебімізде Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамын тойлап өттік. Бұл іс-шараға мектебіміздің он төрт шаңырағы қатысып, ұлтымыздың салт-дәстүрін көрсетіп, ұлттық тағамдарға толы мол дастархан жайып, ұлттық ойындарды ойнап, ән салып, би билеп, үлкендер кішілерге көмек көрсетіп, қол ұшын берсе, кішілер үлкендерге қарап бой түзеді. Сонымен қатар, оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қауымы елімізде тұратын өзге ұлттың салт-дәстүрлерін дәріптеп, тарихқа үңіліп, достығымызды, татулығымызды, бірлігімізді көрсетті. Құрметті халайық, Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Әрбір отбасына береке-бірлік пен татулық, қуаныш, бақыт, шаттық тілейміз!

     


Комментариев нет
Просмотров: 452
Автор: b146skobilim
Сайт: mektep6.kz
Добавлено: 26.03.2019 в 15:11